Сингапурлық компания елімізде үзіліссіз білім алу орталығын салады

13 Наурыз 2019, 22:04
3920
Бөлісу:
Сингапурлық компания елімізде үзіліссіз білім алу орталығын салады

Шымкент, BAQ.KZ. Сингапур ««Pegasus Education Group Pte Ltd» компаниясы Шымкентте үзіліссіз білім беру орталығын салуды жоспарлап отыр.

Оның құрамында балабақша - мектеп - кәсіптік техникалық колледж - осы мекемелердің студенттері мен қызметкерлері үшін уақытша тұру орны болады.

Бүгін «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ, Шымкент қаласының басшылығы және Pegasus Education Group Pte Ltd Басқарма басшысы Тан Рики арасында тиісті үшжақты меморандумға қол қойылды.

Жобаның тұжырымдамасына сәйкес Қазақстанда халықаралық білім беру орталықтарының желісін құру қарастырылуда. Жобаны Астана, Алматы және Шымкент қалаларында үш кезеңде іске асыру жоспарланып отыр. Алғашқы кезеңде балабақша мен бастауыш мектеп, екінші кезеңде - орта мектеп, үшінші - колледж және төртінші - университет салу жоспарланып отыр.

Осы компанияның білім беру мекемелері Сингапурлық емтихандар мен бағалау кеңесі (SEAB), Кембридж университеті, ACT білім беру шешімдері сияқты халықаралық ұйымдарда аккредиттелген. Сондай-ақ Pegasus Education Group Pte Ltd компаниясы iPSLE (Халықаралық бастауыш білім беру емтихандары), IGCSE (Халықаралы Жалпы орта білім туралы сертификат) және GAC (Global Assessment Certificate) секіліді халықаралық сертификат алу үшін емтихандарды өткізеді. Осы мектеп бітірушілеріне әлемнің 100 үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік беріледі.

Өзгелердің жаңалығы