СІМ шетелде соғыс аймақтарында жүргендерді елге қайтаруға қатысты мәлімдеме жасады: Жедел желі іске қосылды

СІМ соғыс жүріп жатқан аймақтағы қазақстандықтарды қайтару мәселесін бақылауда ұстап отыр

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 2 Қазан 2026, 20:15
2 Қазан 2026, 20:15
310
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасы азаматтарының Отанына оралуға жәрдемдесуді сұраған өтініштері таралып жатыр. Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайды назарда ұстап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан азаматтарының шетелдегі құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау Министрлік қызметінің сөзсіз басымдығы болып табылады.

ҚР СІМ әлемнің түрлі елдері мен өңірлеріндегі соғыс қимылдары болып жатқан аймақтардан отандастарымызды қайтару бойынша тәжірибе жинақтаған.

Осыған байланысты Қазақстан азаматтары туралы толық әрі нақты ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы емес, олардың өздерінен немесе туыстарынан тікелей алудың маңызы ерекше. Бірқатар отбасы Министрлікке көмек сұрап өтінішпен жүгініп үлгерді. Соғыс қимылдары жүрiп жатқан аймақта жүрген қазақстандықтардың туыстарынан келетін өтініштерді қабылдау үшін Министрлікте арнайы жедел желі жұмыс істейді. Бұқаралық ақпарат құралдарынан тиісті байланыс деректерін таратуға жәрдемдесуді сұраймыз. Азаматтарды құқықтық қорғаумен қамтамасыз ету үшін Министрлікке толық ақпарат, яғни олардың тегі мен аты-жөні, туған күні, болжамды орналасқан жері, сондай-ақ олар жасасқан еңбек шарттарының талаптары туралы мәліметтер қажет, - деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қазақстандықтарды Отанына қайтару жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу мақсатында СІМ Ресей тарапымен консультацияларды жалғастыруда.

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілімен кездесті.

Соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақта жүрген ҚР азаматтарына қатысты жедел желілер

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
📱 +7 (7172) 72-05-00
📧 Dks_ast@mfa.kz

ҚР-дың Ресей Федерациясындағы Елшілігі:
📱 +7 (925) 897-71-14
📧 consul.moscow@mfa.kz

ҚР-дың Астрахань қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (906) 177-70-88
📧 astrakhan@mfa.kz

ҚР-дың Қазан қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (905) 020-30-42
📱 +7 (843) 202 05 92
📧 kazan@mfa.kz

ҚР-дың Омбы қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (968) 100-73-06
📧 omsk@mfa.kz

ҚР-дың Екатеринбург қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (939) 919-76-33
📧 ekaterinburg@mfa.kz

ҚР-дың Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (981) 916-25-12
📱 +7 (921)-188-90-60
📧 s-petersburg@mfa.kz


Жақын арада Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Ресей Сыртқы істер министрлігінің және Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесулер өткізеді.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың барысы мен нәтижелері туралы қосымша хабарлайтын боламыз.

Наверх