СІМ Ресей елшісінің даулы сұхбатына қатысты пікір білдірді

28 Желтоқсан 2022, 17:39
856
Бөлісу:
СІМ Ресей елшісінің даулы сұхбатына қатысты пікір білдірді

Бұл тақырыпты жабық деп санаймыз. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин «Елімізде ұлтшылдықтың көріністері бар. Керек болса, Ресей көмектесе алады» деп айтты. Сыртқы істер министрлігінің елшінің осы пікіріне қатысты ұстанымы қандай? - деп сұрады журналист.

Смадияровтың айтуынша, мәселеге қатысты Ресей елшісі Алексей Бородавкин кездесулер өткізілді. Сондай-ақ ол Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресей елшісінің сөзіне түсінік бергенін еске салды.

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров қазақстандық телеарналарға осы мәселе бойынша түсінік берген. Бүгінгі таңда мәселе жабық деп санаймыз, түсініктемелер қабылданды. Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты президенттер анықтайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге соңғы сапары кезінде қос елдің президенттері Мәскеуде өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай декларация қол қойды. Президентіміз атап өткендей, осы уақыт ішінде қос мемлекет достық пен тату көршіліктің берік байланысына негізделген өзара тиімді әріптестік құралды. Қазақстан мен Ресей арасында сенімді, сындарлы диалог орнады. Ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілді, – деп жауап берді СІМ өкілі.

Өзгелердің жаңалығы