СІМ: Қаңтар оқиғасы мен геосаяси жағдай инвестициялық климатқа әсер етті

22 Желтоқсан 2022, 12:26
978
Бөлісу:
СІМ: Қаңтар оқиғасы мен геосаяси жағдай инвестициялық климатқа әсер етті
Фото: Фото: kaztube.kz

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында шетелдік инвестицияларды тарту туралы баяндама жасады, деп хабаралйды BAQ.KZ тілшісі.

Инвестиция тарту коронавирус пандемиясының теріс әсерін әлі күнге дейін сезініп келе жатыр және әлемдік экономиканың турбуленттілік жағдайында жүзеге асырылуда. Нәтижесінде жеткізілім тізбегі бұзылды, инфляция деңгейі мен жетекші елдердегі пайыздық мөлшерлеме жоғарылады. Қаржы нарықтарынадғы жағымсыз көңіл-күй ықтимал экономикалық рецессия орын алуда. Инвестициялық климатымыз үшін биыл жұмыс істеу оңай болмады. Пандемиядан бөлек қаңтар оқиғасы, сондай-ақ біздің аймақта болып жатқан геосаяси жағдай инвесторлардың көңіл-күйіне әсер етті. Биылғы басты міндетіміз инвестицияның қазіргі деңгейін сақтап, инвесторларды ұстап тұру болды. Өткен жылдары басталған инвестициялық жобаларды жалғастыру, сонымен қатар инвесторларды тарту және олардың сенімін сақтау да назарға алынды, - деді  Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Алмас Айдаров инвестиция саласына қатысты әлемдік институттардың болжамы көңілді көншітпейтінін айтты. Оның сөзінше, пандемия салдарынан әлемдік инвестициялар ағыны 35%-ға қысқарған. Халықаралық валюта қорының пікірінше, әлемдік экономика өсімі жылдан жылға баяулап отыр. 2021 жылы өсім 6% болса, биыл 3,2% жетті. Ал 2023 жылы өсім бар-жоғы 2,7% құрайды деп күтілуде. Бұл инвестиция ағыны мен инвестордарың болжамы мен көңіл-күйіне әсер етпей қоймайды. 

Мұндай "қара аққуларға" қарамастан еліміздің инвестициялық климаты жақсарып келеді. Былтыр біз пандемияға дейінгі ивестиция тарту деңгейіне жеттік, 23,7 миллард АҚШ долларын құрады. Биыл жарты жылдықта шетелдік инвестиция көлемі 14,5 млрд АҚШ долларын құрады, бұл былтырға қарағанда 28 пайызға өскен. Бұл геосаяси жағдайға, қаңтар оқиғасына қарамастан инвесторлар біздің республикамызға қатысты позитив трендтер мен болжамдарды ұстанып отыр деген сөз. Жыл соңында жоспарлағандай 24 миллиард АҚШ долларын тартамыз деп отырмыз. Президентіміз айтқандай, алдағы жеті жылда Қазақстан экономикасына 150 миллиард доллардан кем емес инвестиция тарту міндеті тұр. 2005-2010 жылдары шетелдік тікелей инвестицияның 70%-ы мұнай-газ саласына салынды. Соңғы үш жылды алып қарасақ, бұл трендтер өзгергенін көреміз. Қазір мұнай-газ саласындағы инвестиция көлемі 40%-ды құрайды. Сауда, ақпарат, байланыс, өңдеу секторына тартылатын инвестициялар көлемі артып келеді. Қазақстанға инвестиция салатын елдердің ондығы – Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Бельгия, Ресей, Сингапур, Қытай, Оңтүстік Корея, Франция мен Ұлыбритания, - деді Алмас Айдаров.

Өзгелердің жаңалығы