СІМ мен АШМ инвестициялар мен экспорт жұмыстарын нығайтуда

17 Қаңтар 2019, 20:24
1898
Бөлісу:
СІМ мен АШМ инвестициялар мен экспорт жұмыстарын нығайтуда

Астана, BAQ.KZ. Премьер-министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев пен Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды ынталандыру және экономиканың агроөнеркәсіптік секторына инвестиция тарту мәселелерін талқылады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.


Кездесу барысында Қазақстан Республикасының 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ынтымақтастықты күшейту мәселелері қарастырылды.

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында қойған стратегиялық мақсаттарын іске асыру мақсатында, ең алдымен агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін және экспорттық өңделген ауылшаруашылық өнімдерін кем дегенде 2,5 есеге арттыру мақсатында, Сыртқы істер министрлігі мен Ауыл шаруашылық министрлігі арасындағы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне шетелдік инвестицияларды тарту және 2020 жылға дейін сауда-саттықты дамыту бойынша Бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру туралы мәселе қаралды. Осы жоспар егжей-тегжейлі қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің инвестициялық және экспорттық бағыттағы қызметін күшейтуге байланысты іс-шараларды жаңарту туралы шешім қабылданды.

Агроөнеркәсіптік кешенде, атап айтқанда, өсімдік шаруашылығы, ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын жинау, сондай-ақ сүт және ет өнімдерін өндіру және қайта өңдеуді дамыту үшін ірі трансұлттық корпорацияларды тартуға қатысты инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Министрліктің басшылары халықаралық ұйымдармен, атап айтқанда БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымымен (ФАО), Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Ислам ұйымымен, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен және басқалармен ауыл шаруашылығында терең өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, ведомство басшылары аграрлық мәселелер бойынша, атап айтқанда, еліміздің АӨК өнімдерін сыртқы нарықтарда ілгерілету бойынша отандық фермерлерге экспорттық қызығушылық тудыратын Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің дипломаттары үшін тренингтер ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Ауыл шаруашылығы өнімдері экспортына ақпараттық қолдау көрсетуді жоғарылату қажеттілігі, шетелдік БАҚ үшін пресс-турлар және қазақстандық АӨК бойынша ақпараттық кампаниялар ұйымдастыру мәселелері атап өтілді.

СІМ мен АШМ қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды ынталандыру және Қазақстанның агроөнеркәсіп секторына инвестиция тарту бойынша ынтымақтастықты кеңейту мақсатында осындай кездесулерді үнемі өткізу тәжірибесін енгізуді ниеттенуде.

Өзгелердің жаңалығы