SIM-box арқылы алаяқтық қоңырау жасаған 24 адам 8 жылға сотталды

Алаяқтар қазақстандықтардың атынан банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде қоңырау шалған.

 istockphoto.com 19 Қыркүйек 2026, 15:48
19 Қыркүйек 2026, 15:48
50
Фото: istockphoto.com

Астанада тергеу мен сот мәліметіне сәйкес, телефон алаяқтығына қатысы бар ұйымдасқан топтың 24 мүшесіне үкім шықты. Сотталушылардың әрқайсысы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу мәліметінше, топ нақты схема бойынша әрекет еткен. Ұйымдастырушылар қатысушылар арасында міндеттерді бөліп, олардың жұмысын бақылаған. Фигуранттардың басым бөлігі Қазақстанға Ресейден келген. Кейбірі үйлестірушілердің тапсырмасымен жабдық әкелу үшін шетелге шыққан.

Орындаушыларды негізінен Telegram арқылы тапқан. Оларға белгілі бір қалаға барып, тұрғын үй жалдап, SIM-box орнатып, оған қазақстандық байланыс операторларының SIM-карталарын қосу тапсырылған. Жабдыққа қызмет көрсеткені үшін қатысушыларға тәулігіне 50-ден 100 долларға дейін төлеген.

Қарағанды облысы прокуратурасының мемлекеттік айыптаушылары дәлелдемелерді жан-жақты әрі объективті зерттеуді қамтамасыз етті. Сотталушылар өз кінәсін мойындамағанына қарамастан, прокуратура ұсынған дәлелдер олардың ұйымдасқан қылмыстық әрекетке қатысы бар екенін растады, – деп хабарлады прокуратура.

Тергеу барысында SIM-box-қа қосылған телефон нөмірлерінен азаматтарға қоңырау шалынғаны анықталған. Алаяқтар өздерін банктердің, мемлекеттік органдардың, «Қазпоштаның» және басқа да ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстырған. Түрлі сылтаумен адамдардан растау кодтарын біліп, несие рәсімдеуге және ақша аударуға көндірген.

Сотталғандардың телефондарына жүргізілген тексеру кезінде Telegram желісіндегі хат алмасулар табылған. Онда жабдықты орнату және оған қызмет көрсету, SIM-карталарды ауыстыру, тапсырмаларды орындау және үйлестірушілерге есеп беру жөніндегі нұсқаулар болған.

Сот 24 сотталушының барлығын кінәлі деп танып, әрқайсысына сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Наверх