Signal of Light: Елордада корей суретшісінің цифрлық көрмесі ашылды

9 Шілде 2021, 19:18
1718
Бөлісу:
Signal of Light: Елордада корей суретшісінің цифрлық көрмесі ашылды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында корей суретшісі Ли Инамның «Signal of Light» атты цифрлық өнер туындыларының көрмесі ашылды.

Signal of Light: Елордада корей суретшісінің цифрлық көрмесі ашылды

Бүгін Елбасы кітапханасында жаңа форматта ашылып отырған корей суретшісі Ли Инамның Ли Инамның «Signal of Light» атты цифрлық өнер туындыларының көрмесі ашылды.

Signal of Light: Елордада корей суретшісінің цифрлық көрмесі ашылды

Вернисаж LED-экрандармен жабдықталған көпфункционалды залдың футуристік кеңістігінде өтті.

Signal of Light: Елордада корей суретшісінің цифрлық көрмесі ашылды

Көрме Елбасы кітапханасының «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық көрме жобасы аясында Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасы елшілігінің Корей мәдениет орталығымен бірлесіп, Нұрсұлтан Назарбаев қорының көмегімен ұйымдастырылды.

Signal of Light: Елордада корей суретшісінің цифрлық көрмесі ашылды

Көрменің атауы кездейсоқ таңдалған жоқ. «Signal of Light» қазіргі заманғы көркем тілге, тың техника саласына қызығатын көрермендерді қызықтыруға бағытталған. Ли Инамның цифрлық туындылары бейне, дыбыс, қозғалыс арқылы көрерменнің шығармамен байланыс орнатуына, өзін құрылған кеңістіктің ішінде сезінуге мүмкіндік береді.

Signal of Light: Елордада корей суретшісінің цифрлық көрмесі ашылды

Көрменің ашылуында сөз сөйлеген Елбасы кітапханасының Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметінің басшысы Күләйша Ақтаева көрменің маңыздығы туралы айтып берді.

Signal of Light: Елордада корей суретшісінің цифрлық көрмесі ашылды

Бүгінгі ұйымдастырылған іс-шара Елбасы кітапханасының халықаралық жобасы аясында өтіп отыр. «Мәдениет арқылы үнқатысу» жобасы арқылы бірлесе жұмыс істеген серіктестеріміз көп. Соның қатарында Корей елшілігі мен Корей мәдени орталығы бар. Осынау көрмені жүзеге асыру үшін әріптестерімізбен бір жарым жыл бойы жұмыс істедік. Бүгін назарларыңызға ұсынылған көрмеде 20 жылдан бері белсенді дамып келе жатқан бағыт ұсынылады. Оны кейбіреулер медиаөнер десе, енді бірі диджитал өнер деп атайды. Дегенмен осы жобаның авторы Ли Инам мырзамен байланысып, оның жұмысын терең зерттей отырып, біз жалпы бір арнаға тоғысу идеясын көтердік. Көрмеде адамның күнделікті күйбең тіршіліктен сәл аяңдап, ертеңгі күн туралы ойға шомып, кез келген кедергілерге қарамастан алдағы мүмкіндіктердің шексіздігін көрсететін бес картина ұсынылған, - деп айтты ол.

Signal of Light: Елордада корей суретшісінің цифрлық көрмесі ашылды

Күләйша Ақтаеваның айтуынша, Ли Инамның картиналары бірнеше жанрда шығарылған.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2018 жылғы 6 қарашада Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркін ашу кезінде интернет, жасанды интеллект бүкіл салаға енгізіліп келе жатқанын айтқан болатын.

Signal of Light: Елордада корей суретшісінің цифрлық көрмесі ашылды

Цифрлық көрмеге шетелдік дипломаттар мен елордалықтар қатысты. Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Ку Хонг-сок мырза көрме қонақтары мен Елбасы кітапханасына алғысын білдірды.

«Signal of Light» көрмесі әлемге әйгілі жетекші корей медиа-суретшісі Пэк Нам Джунның өнерін жалғастырушы суретші Ли Инамның ең алғашқы және соңғы жұмыстары арқылы Кореяның мәдениеті мен сұлулығын паш ету үшін ұйымдастырылды. Суретші Ли Инам шығыстың дәстүрлі және батыстың заманауи суретшілерінің шығармаларына негізге ала отырып, медиа-өнер тарих пен әңгімелерді жарқыратып көрсете тілді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ашылып отырған бұл көрме осынау көрермендердің көңілінен шығады деп үміттенемін. Корей елшілігі бұдан кейін де қызықты, танымдық мәдени шараларды өткізуді жалғастыра береді, - деп айтты дипломат көрмеде.

Signal of Light: Елордада корей суретшісінің цифрлық көрмесі ашылды
Фото: дереккөз

Жаһандық сын-қатерлер әлемдік экономикаға ықпал етіп қоймай, өнерде де революциялық өзгерістер тудырды. Мұны Ли Инамның «Signal of Light» цифрлық өнер туындыларының көрмесі дәлелдейді. Видеоарт кеңістіктегі түс, пішін, жарық ұғымдарын ашып, бейнелеу өнерінің ауқымын кеңейтеді.

Корей суретшісі Ли Инамның «Signal of Light» цифрлық өнер туындыларының көрмесіне қош келдіңіздер! Корей мәдени орталығы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының осы маңызды жылында әлемге әйгілі корей бейнешығармасы Пэк Намджунның ізбасары болып табылатын автор Ли Инамның жұмыстары арқылы Қазақстан Корей елінің медиаөнерін таныстырып жатқаны үшін қуанышты. Бұл көрме көрермендерге корей медиаөнерін ашады, сонымен қатар суретшінің туындылары арқылы корей мәдениеті мен өнеріне деген үлкен қызығушылық туындайды деп ойлаймын, - дейді Корей мәдени орталығының директоры Ли Херан ханым.

Signal of Light: Елордада корей суретшісінің цифрлық көрмесі ашылды
Фото:дереккөз

Ол сөз арасында цифрлық көрмені 2020 жылы өткізу жоспарда болғанын айтты. Дегенмен пандемия салдарынан 2021 жылға ауыстырылып, бүгін өткізіліп отыр.

Айта кетейік, көрменің жалпы ұзақтығы 50 минутты құрайды.

Автор тарих пен ұлы шеберлердің шедеврлерімен байланыс орнатудың жаңа арнасын құрып, әлемге деген көзқарасты өзгертуге мүмкіндік береді.

Signal of Light: Елордада корей суретшісінің цифрлық көрмесі ашылды

Фото:дереккөз

Ол көпке үйреншіксіз палитраны негізге алады. Бейнематериалдарды ташалайтын көрермендер сиқырлы фонарьдан кинотеатрға, оптикалық иллюзия мен панорамалық кескіндемеден виртуалды өмірге дейінгі медиаөнердің дамуын бақылай алады.

Бейне сюжеттері көрерменге мұқият қарап, тереңірек және ұзақ сезінуге септік тигізеді. Ең бастысы, адам болмысын, өмірінің табиғатын бейнелейтін суретшінің бұл туындылары көкейге үміт ұялатады.

Signal of Light: Елордада корей суретшісінің цифрлық көрмесі ашылды

Фото:дереккөз

Айта кетейік, Ли Инам - Ёнсе университетінің бейнелеу өнері жоғары мектебі бойынша PhD кандидаты. Оның жеке көрмелері АҚШ пен Еуропа елдерінде өткізіліп келеді. Автор медиаөнер саласында түрлі марапаттарға ие болған.

Өзгелердің жаңалығы