Сібір жарасы тарап кетпей ме? – Сенатор су тасқынымен келетін қауіпті атады

25 Сәуір 2024, 16:44
547
Бөлісу:
Сібір жарасы тарап кетпей ме? – Сенатор су тасқынымен келетін қауіпті атады
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Қазіргі таңда су тасқыны салдарынан өңірлерде жұқпалы аурулардың таралу қаупі бар. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Экологтар мен дәрігерлер тасқын су сібір жарасы көмілген жерлерді де ашу қаупін жасырмайды. Қарғын су кезінде кеміргіштер түрлі гепатит, тырысқақ, сүзек және тағы басқа қауіпті аурулардың қоздыршығы болатыны белгілі. Көрші Ресейдегі жағдай да осындай болып тұр. Осыған байланысты келісімге қатысушылардың арасындағы жұқпалы аурулардың өршуін алдын алу бойынша әрекет алгоритмі қандай? Жалпы міндеттемелерді орындамағаны үшін сондай-ақ жұқпалы аурулардың таралуы кезінде тараптарды уақтылы хабардар етпеген жағдайда нақты қандай жауапкершілік көзделген?, - деді Бибігүл Жексенбай.

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін айтады.

Су тасқыны басталғаннан кейін біз Ресейдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігермен байланыстамыз. Әрбір 2-3 күн сайын осы эпидемиологиялық жағдай туралы және судың қауіпсіздігі, судың зерттеу нәтижесі бойынша және қолданылатын профилактикалық эпидемиологиялық шаралармен алмасамыз, - деді Айжан Есмағамбетова.

Өзгелердің жаңалығы