"Сібір жарасы". Министрлік Тайландқа баратын туристерге ескерту жасады

18 Наурыз 2024, 23:38
373
Бөлісу:
"Сібір жарасы". Министрлік Тайландқа баратын туристерге ескерту жасады
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Таиландқа сапарлауды жоспарлап отырған азаматтарға ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тайландтың Бурирам провинциясы жақын маңдағы Лаоста сібір жарасын жұқтырған үш жағдай анықталғаннан кейін, ауыр бактериялық ауру болып табылатын сібір жарасының қаупі туралы ескертілді.

Екі ай бұрын пайда болуы мүмкін инфекция белгілері: тыныс алудың қиындауы және кеудедегі ауырсыну, терідегі ұсақ көпіршіктерден бастап, бас ауруы мен диарея. Сібір жарасына уақытылы диагностика жасамау өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Осыған байланысты, демалыста сақтық шараларын сақтауды және шығу тегі күмәнді тағамдарды тұтынудан бас тартуды ұсынамыз. Тайландқа баратын Қазақстан Республикасының азаматтарынан, осы вирусты жұқтыру фактілері тіркелген және таралған жерлерге барудан бас тартуды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Құзырлы орган сібір жарасы жануарлардан адамға, мысалы, ірі қара мен буйволдың шикі етін жеу арқылы жұғуы мүмкін екенін еске салады.

Сібір жарасы – бұл сібір жарасы таяқшасынан туындаған ауыр және қауіпті жұқпалы ауру (грам-позитивті спора түзетін бактериялардың бір түрі, сібір жарасының қоздырғышы), ол мал тұтынатын топыраққа немесе шөпке жұқтырады. Малдың бактерияларды жұтуы көбінесе қанның қараюына және өлімге әкеледі. Сондықтан кез келген етті қолданар алдында мұқият дайындалуы керек.

Таиландқа баратын Қазақстан Республикасының азаматтарынан, осы вирусты жұқтыру фактілері тіркелген және таралған жерлерге барудан бас тартуды сұраймыз, - деп жазды министрлік хабаралмада.

Өзгелердің жаңалығы