Си Цзиньпинмен "әңгімеміз жарасты" – Трамп

21 Желтоқсан 2019, 11:38
3116
Бөлісу:
Си Цзиньпинмен "әңгімеміз жарасты" – Трамп

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі елдің басшылары бірнеше мәселені талқылады. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келісімі де шет қалған жоқ.

АҚШ президенті Дональд Трамп 20 желтоқсанда ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлескені туралы Twitter-інде хабарлады.
Олар сауда келісімі, КХДР және Гонконгтағы жағдай туралы әңгімелескен.
Мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен ірі сауда келісімі туралы сөйлестік. Әңгәмеміз жарасты, - деп жазды Трамп.
Айтуынша, Қытай америкалық ауыл шаруашылығы және басқа өнімдерді сатып ала бастаған.
Ресми түрде қол қою процесі дайындалып жатыр. Сондай-ақ біз КХДР мен Гонконг туралы сөйлестік, - деп түсіндірді Трамп.
Айта кетсек, 13 желтоқсанда Вашингтон мен Бейжің сауда келісімінің алғашқы сатысына қол қойды. Трамп келісімдердің аясында 15 желтоқсаннан бастап қытайлық тауарларға жаңа салық салудан бас тартқанын АҚШ-тың сауда келісімдері жөніндегі өкілі Роберт Лайтхайзер мәлімдеген болатын. Трамптың бұл шешімі қашанға дейін жалғасатыны белгісіз.
Өзгелердің жаңалығы