Қытай төрағасы Си Цзиньпин Ормуз бұғазындағы қалыпты кеме қатынасын қалпына келтіруге шақырды, бұл халықаралық мүддеге сай екенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Қытай орталық телеарнасына сілтеме жасай отырып.
Ормуз бұғазы қалыпты кеме қатынасы үшін ашық болуы керек; бұл аймақтық елдер мен халықаралық қауымдастықтың ортақ мүдделеріне сай келеді, – деді ол.
Қытай көшбасшысы тату көршілік, даму, қауіпсіздік және ынтымақтастық қағидаттарын ұстанатынын нақтылады. Ол аймақтық елдер «өз болашағы мен тағдырын өз қолына алып, аймақтағы тұрақтылық пен бейбітшілікке үлес қосуы» керек деді.
17 сәуірде Иран Сыртқы істер министрлігі Ормуз бұғазын коммерциялық кеме қатынасы үшін ашу туралы шешімін жариялады. Бұған Израиль мен Ливан арасында қол жеткізілген атысты тоқтату туралы келісім себеп болды. Дегенмен, әскери кемелерге бұл теңіз жолымен өтуге әлі де тыйым салынған. АҚШ билігі Тегеранға алғыс білдірді, бірақ Америка әскери-теңіз күштері Иран порттарын қоршауды жалғастыра беретінін атап өтті.