ШЫҰ Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі

28 Қыркүйек 2023, 16:10
857
Бөлісу:
ШЫҰ Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі
Фото: Ұлттық экономика министрлігі

Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерімен өзара саудасы 2022 жылы шамамен $61 млрд болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер министрлерінің кезекті Кеңесі өтті.

Іс-шараға Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов қатысты. Жиын барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, оның ішінде ШЫҰ шеңберінде электрондық сауданы дамыту мәселелері талқыланды.

ШЫҰ Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Ұйым өз шекараларын кеңейтуді жалғастыруда. Бұл оның аймақтағы және әлемдегі халықаралық беделінің артып келе жатқанын көрсетеді, - деді Тимур Жақсылықов.

Сондай-ақ, Ұлттық экономика бірінші вице-министрі көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру барысына назар аударды.

Қазақстанның ШЫҰ елдерімен өзара саудасы 2022 жылы $60,8 млрд. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 18,7%-ға жоғары
Экспорт - $29,5 млрд 
Импорт - $31,3 млрд

Экономикалық ведомстволардың өкілдері сауда-экономикалық саладағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге және цифрлық экономика саласындағы мәселелерді ілгерілетуде бірлескен күш-жігерді арттыруға келісті.

Сонымен қатар, Кеңес барысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрі Данияр Амангелдиевпен кездесу өткізді. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Қырғызстан арасында екіжақты ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша, сондай-ақ ЕАЭО, ТМД, ТМҰ, СПЕКА және т.б. шеңберінде жемісті өзара іс-қимыл жолға қойылған. Біз өзара сауда көлемін $2 млрд дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Бірлескен іс-қимылдар арқасында біз осы мақсатқа қол жеткізетінімізге сенімдімін. 7 айда елдер арасындағы өзара сауда көлемі $757 млн. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 13%-ға жоғары, - деді Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

Іс-шара қорытындысы бойынша Кеңестің кезекті отырысының хаттамасына қол қойылды және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі перспективалар мен шаралар туралы бірлескен мәлімдемесі қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы