ШЫҰ мүшелері қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

27 Мамыр 2022, 19:15
2020
Бөлісу:
ШЫҰ мүшелері қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Экология министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы З.С. Жолдасов бастаған қазақстандық делегация Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауап беретін министрліктер мен ведомстволар басшыларының үшінші кеңесінің жұмысына қатысты, деп хабарлайды ЭГТРМ баспасөз  қызметі.

Кеңес барысында ШЫҰ елдерінің табиғат қорғау ведомстволарының басшылары қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективалары мәселелерін талқылады.

З.С. Жолдасов өз сөзінде Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы ШЫҰ саммиті барысында айтылған бастамасын іске асыру мақсатында елдерді Қазақстан тарапы әзірлеген ШЫҰ экологиялық проблемаларының тізілімін белсенді қарауға шақырды. Сонымен қатар, ол Арал өңірінің экологиялық мәселелерін кешенді шешудің және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық туризмді дамытудың маңыздылығын атап өтті.

ШЫҰ мүшелері қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Осыған байланысты, Қазақстан тарапы Арал теңізінің құрғаған табанын фитомелиорациялау жөніндегі бағдарламаны және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық туризмді дамыту саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.

Бұдан бөлек, Қазақстан тарапы қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобаларды қаржыландыру үшін БҰҰ бағдарламалары желісі бойынша халықаралық донорлық көмекті тарту жөніндегі қызметті жандандыру жөнінде бастама көтерді.

ШЫҰ мүшелері қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экологиялық ақпарат алмасу бойынша ШЫҰ платформасын бірлесіп құру бағдарламасын мақұлдады және кеңес хаттамасына қол қойды.

Сонымен қатар, делегация басшылары Өзбекстан Республикасының Экология және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік комитетінің бағына көшет отырғызу акциясына қатысты.

Өзгелердің жаңалығы