Шыңжаңда өсетін жаңғақтар Қазақстанға экспортталады

20 Қаңтар 2023, 20:06
921
Бөлісу:
Шыңжаңда өсетін жаңғақтар Қазақстанға экспортталады

Қытайдың Шыңжаңында өсетін жаңғақтар Қазақстанға экспортталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы онлайн «Халық газеті» жазды.

Шыңжаңның Қағылық ауданы ауыл шаруашылығы және ауылдық істер бюросынан алған мәліметіне сәйкес, Қағылықтағы сапасы жоғары жаңғақ өнімі Қазақстан мен Ресейге экспортталады.

Қашқар аймағы Қағылық ауданы - Шыңжаңдағы жаңғақ өндіретін ең ірі база. Жаңғақ отырғызу алаңы 42 667 гектарға жетеді. Аудандағы 300 000-нан астам диқандар жаңғақ кәсібімен кірістерін арттырып отыр. 

Қазіргі уақытта ауданда жаңғақ өндірісімен байланысты 47 кәсіпорын мен кооператив іске қосылған. Бұл кәспорындар 1 500-ден астам ауыл тұрғынын жұмыспен қамтыған.

Мәліметтерге сәйкес, 2022 жылы Шыңжаңның Қағылық ауданындағы 42667 гектар жаңғақ бағынан алған өнімнің жалпы көлемі 135 000 тоннаны құраған. Осы уақытқа дейін шамамен 80 000 тонна жаңғақ сатып алынған. 

Өзгелердің жаңалығы