Шыңғыс Қабдула елордадағы жемқорлыққа қарсы күрестің қалай жүріп жатқанын айтты

26 Тамыз 2021, 15:39
6552
Бөлісу:
Шыңғыс Қабдула елордадағы жемқорлыққа қарсы күрестің қалай жүріп жатқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдула мәлім етті.

Оның айтуынша, елордада жемқорлықпен күресу мақсатында бірқатар алаңдар құрылған. Оған қала белсенділері мен азаматтары кез келген уақытта атсалыса алады.

Азаматтардың негізгі мәселелері қарастырылатын орталықтар жеткілікті. Атап айтсақ, өздеріңізге белгілі «AntikorLive» агенттігінің арқасында ашылған «Adal komek» пен Ақпараттық-ағартушылық штабын айтсақ болады. Бұл алаңдарда жергілікті тұрғындардың ұсыныстары қаралып, шешімдерін табады. Осы жылдан бері 52 мың адамды қамтыған шаралар ұйымдастырылды. Жобалар қазірде жалғасын табуда, - деді ол.

Ол Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жыл басынан бері қандай істер атқарылғанын айтты.

115 эксперттің қатысуымен 191 тікелей эфир өтті. Сонымен қатар Adal komek жобасының аясында 200-ден астам тікелей эфир өткізілді. Осының арқасында өз аудиториямызды қалыптастырдық. Біздің департамент сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне және оның алдын алу шараларын ерекше назарға қойып отыр. Барлық бағыттар бойынша жаңа өзгерістер де енгізілді, - дейді Шыңғыс Қабдула.

Өзгелердің жаңалығы