Шымкенттің авиациялық базасы жас ұшқыштармен толықты

11 Желтоқсан 2020, 10:05
1360
Бөлісу:
Шымкенттің авиациялық базасы жас ұшқыштармен толықты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы авиациялық базаcы жоғары әскери оқу орындарын бітірген жас ұшқыш-түлектерімен толықты, деп хабарлады Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі.    

Түркия мен Ресейдің жоғары оқу орындарын, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Ж.Бигельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтын бітірген 20 түлек Шымкент қаласында қызметін жалғастырады.

Шымкенттің авиациялық базасы жас ұшқыштармен толықты

Лауазымдарға тағайындалар алдында барлық түлек міндетті түрде бейімделу мен сапқа қосылуға бағытталған арнайы оқу курстарынан өтеді, оның барысында олар қызметке кірісу үшін бақылау бағдарламалары бойынша – техникалық, арнайы, физикалық, тактикалық және атыс даярлығынан тестілеу тапсырады.

Шымкенттің авиациялық базасы жас ұшқыштармен толықты

Жиынның бірінші күнінен бастап жас лейтенанттар Әскери-әуе күштеріне қарасты авиациялық бөлімі мен қызметтерінің күнделікті оқу-жауынгерлік даярлығына еніп кетті.

Шымкенттің авиациялық базасы жас ұшқыштармен толықты

Айта кетсек, бөлім басшылығы жас офицерлерді қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету, олардың әйелдерін жұмысқа орналастыру және балаларын мектепке дейінгі жалпы білім беру мекемелерінде орындармен қамтамасыз ету сияқты жұмыстарды қарқынды жүргізуде.

Шымкенттің авиациялық базасы жас ұшқыштармен толықты

Сонымен бірге жиын барысында қауіпсіздік техникасы мен қызметтік іс-әрекет негіздері бойынша нұсқаулықтар, көрнекі және нұсқау-әдістемелік сабақтар жоспарланған. Сынақтарды тапсырып, әскери авиациялық техникада жұмыс істеуге рұқсат алғаннан кейін офицерлер практикалық ұшуға кіріседі.

Шымкенттің авиациялық базасы жас ұшқыштармен толықты

Өзгелердің жаңалығы