Шымкенттің 8 елді мекеніне мүлде газ тартылмаған

4 Ақпан 2021, 22:38
1053
Бөлісу:
Шымкенттің 8 елді мекеніне мүлде газ тартылмаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында  81 елді мекеннің 40-ы табиғи газбен қамтылса, 33-і жартылай, 8 елді мекен мүлдем қамтылмаған. Олар: Тұран, Көкбұлақ, Ақтас, Батыс, Қайнарбұлақ, Тәуелсіздік 20 жыл, Айкөл, Сәуле (276 орам).

Өткен жылы құрылысы басталған 9 нысанның  2-і аяқталды(Тұран (1-ші кезең) және Асар-2 шағын ауданына магистралдық газ құбыры тартылды). Биыл тағы 9 нысанның құрылысы жүргізіледі. Шаһарда жыл соңына дейін 5 елді мекенде 11 мыңнан астам адам табиғи газбен қамту жоспарланған. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 92,2%-дан, 93%-ға өседі. 

Сонымен қатар, осы жылы  жобалық сметалық құжаты дайын 4 жаңа жоба бойынша  (Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Арғымақ 1-2 млрд.теңге) бюджеттен қаржыландыруға ұсынылып отыр. 

Қала тұрғындарын табиғи газбен қамту мақсатында, 2021 - 2025 жылдары даму жоспарына сәйкес, елді мекендердің ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарлануда. 2025 жылы қалада газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді. 


Өзгелердің жаңалығы