Шымкенттік оқушылар әскери өмірмен танысты

30 Қаңтар 2023, 19:42
884
Бөлісу:
Шымкенттік оқушылар әскери өмірмен танысты

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу аясында механикаландырылған бригада аумағында «Аманат» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының бастамасымен «Ашық есік күні» патриоттық акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Қаланың 6 жалпы білім беру мекемесінен 120-ға жуық оқушы армия өмірін іштен көруге келді.

Әскери бөлімнің трибунасынан қатысушыларды бригада басшылығы, «Қарулы Күштер ардагерлері» РҚБ қалалық филиалының төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев және Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесінің төрағасы Сергали Рысбеков қарсы алды.

Олар осы әскери бөлімдегі қызметтің барлық ерекшеліктері туралы айтып, оның құрылу тарихына, жетістіктері мен сарбаздардың қызметіне тоқталды.

Шымкенттік оқушылар әскери өмірмен танысты

Саптық алаңындағы әңгімеден кейін оқушыларға әскерде қолданылатын техниканың, қару-жарақтың және киім нысандарының, арнайы жабдықтар мен инженерлік құралдардың негізгі үлгілері ұсынылды.

Оқушылар үшін бөлім аумағындағы жататын үй-жайлар, оқу сыныптары, жаттығу және демалыс бөлмелеріне экскурсия өткізілді. 

Шымкенттік оқушылар әскери өмірмен танысты

Сонымен қатар, әскери қызметшілер келісімшарт бойынша қызметтің ерекшеліктеріне және әскери оқу орындарына түсу және оқу ережелеріне қызығушылық танытқан жоғары сынып оқушыларының сұрақтарына жауап берді. Олар қабылдау ережелері, ҰБТ нәтижелеріне қойылатын талаптар, дене дайындығы және денсаулық жағдайы туралы толық ақпарат алды, - деп жазды Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы