Шымкенттік оқушы жер сілкінісі кезінде ғимаратты қорғайтын құрылғы ойлап тапты

10 Маусым 2023, 14:41
686
Бөлісу:
Шымкенттік оқушы жер сілкінісі кезінде ғимаратты қорғайтын құрылғы ойлап тапты
Фото: Жаңа құрылғы жер вертикальді және горизонтальді бағытта сілкінісі де, ғимараттың сейсмотұрақтылығын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа құрылғы жер вертикальді және горизонтальді бағытта сілкінседе ғимараттың сейсмотұрақтылығын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі таңда ең жақсы дамыған деген сейсмотұрақтылықтылыққа арналған технологиялар басқа да дамыған елдерде де бар. Соның бірі амортизацияланған тақтайшалар. Бірақ бұл заттың өте үлкен кемшілігі - ол оның тек бір бағытта ғана тепе-теңдік ұстай алуы.


Бұл құрылғының ерекшелігі цилиндрінде. Яғни мына тұрған ортасындағы бөлігі құрылғының горизонталь бағытта қимылдауына жауап береді. Ал бұл бөлігі вертикальды қозғалысын қамтамасыз етеді. Осылайша ғимараттың балансын ұстауға жауап береді. Ал мына бөлігі жер қыртысына жалғанады. Жел қыртысына жалғанып, тек құрылғының ғана емес, ғимараттың да беріктігін сақтауға толықтай жауап береді, - дейді 10 сынып оқушысы Ізет Айтжан.

Аталмыш құрылғы “Тұрақтандырғыш” деп аталды.
Шымкенттік оқушының бұл еңбегі архитектура саласына үлес қосады деп сенеміз.

Өзгелердің жаңалығы