Шымкенттік кәсіпкерлер Азат Перуашевқа мұң-мұқтаждарын айтты

25 Тамыз 2022, 17:50
1067
Бөлісу:
Шымкенттік кәсіпкерлер Азат Перуашевқа мұң-мұқтаждарын айтты
PHOTO

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Шымкент қаласындағы іс-сапар барысында «АЛАШ» сауда  орталығындағы кәсіпкерлермен  кездесіп, мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуде кәсіпкерлер тауар бағасының қымбаттығы көтерме сауда бағаларының өсуінен екенін алға тартты. Сондай-ақ кәсіпкерлер мораторийге байланысты  салық төлемесек те, сауда орынын жалға алу ақысының өзі қымбат және оған қоса электр қуатына төленетін шығын ай сайын 25-35 мың теңге құрайтынын айтады. 

Шымкенттік кәсіпкерлер Азат Перуашевқа мұң-мұқтаждарын айтты

Азат Перуашев көтерілген мәселе бойынша жергілікті мәслихат депутаттарына  тапсырма беріп, орындалу  барысы бойынша баяндама жасау туралы ескертті.  

Мұнан соң партия төрағасы Азат Перуашев «Дархан-Групп» ЖШС директоры Н.Досанбаевпен кездесіп, қазіргі уақытта мемлекет балансына өткен «Фосфорник» атындағы мәдениет сарайының мәселесі туралы әңгімелесті.

Шымкенттік кәсіпкерлер Азат Перуашевқа мұң-мұқтаждарын айтты

Кәсіпкердің айтуынша бүгінгі таңда ғимарат талан-таражға түсіп, оны қалпына келтіру үшін ешқандай шара қолданылмай отыр. 

«Ақжолдықтар» ғимараттың жағдайын көру үшін «Фосфорник» сарайына барып, шағын аудан тұрғындарымен кездесті. Сондай-ақ кездесуге «Фосфорник» сарайының бұрынғы қызметкерлері де келді. 

Шымкенттік кәсіпкерлер Азат Перуашевқа мұң-мұқтаждарын айтты

Депутат «Фосфорник» сарайының миллиардтаған доллар қарызы бар екені белгілі болғанын айтып, алдымен банкроттық рәсімнен өткізіліп, кейін қалған мәселелерді шешу керектігін сөз етті.

Шымкенттік кәсіпкерлер Азат Перуашевқа мұң-мұқтаждарын айтты

Сонымен бірге Азат Перуашев «Отырар» телеарнасының «Халық пен билік» бағдарламасы мен  «ELITAR» ақпараттық сайтының «Подкаст» тікелей эфиріне қатысып, қала  тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Шымкенттік кәсіпкерлер Азат Перуашевқа мұң-мұқтаждарын айтты
Өзгелердің жаңалығы