Шымкенттік ғалымдар өсімдіктен энергия өндіре бастады

22 Мамыр 2023, 17:43
914
Бөлісу:
Шымкенттік ғалымдар өсімдіктен энергия өндіре бастады

Шымкентте жоғары білім ордасының доктаранттары бөлме өсімдігінен, энергия өндіруге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Әзірге өскіндерден алуға болатын электр тогы азғантай. Гаджеттер мен қалта телефондарын қуаттауға ғана жетеді. Бұл туралы «Хабар 24» жазды. 

Жас ғалымдар жаңа технологияны өсімдік фотосинтезін пайдалану арқылы жүзеге асырған. 

Яғни, күннен қуат алған өскіндер, артық энергияны тамырымен топыраққа бөледі. Ал оны электродтар арқылы қайта жинап, энергия ретінде пайдалануға болады екен. Бұл өсімдікке де, қоршаған ортаға да зиян емес. Керісінше, баламалы әрі жаңа қуат көзіне айнала алады. 

Жас ғалымдардың жобасы жасыл экономиканы дамытуға бағытталған стартап байқауда үздік деп танылып, жеңіске жетті. Мұхтар Әуезов атындағы университет студенттерінің бұдан өзге де ғылыми ізденістері нәтиже бере бастады. Олар жарамсыз батареяның химиялық қоспаларын тыңайтқыш ретінде қайта кәдеге жаратуға болатынын дәлелдеп жатыр. 

Бірнеше өсімдік түрлерін алдық. Соның ішінде ең қолайлысы бізге сансевиерия мен хлорофитум хохлатый өсімдік түрлері сәйкес келді. Өйткені бұл өсімдіктердің құрамында фотосинтез процесі өте қарқынды жүрді. Алдағы уақытта жоспар – дала өсімдіктерін пайдалану арқылы бұдан да үлкен қуатты энергия көзін алуға болатынын дәлелдеу, - деді Экология кафедрасының докторанты Маржан Сыздықова.

Өзгелердің жаңалығы