Шымкенттік еріктілер "Жанға жылу" акциясын ұйымдастырды

28 Қаңтар 2020, 16:38
2835
Бөлісу:
Шымкенттік еріктілер "Жанға жылу" акциясын ұйымдастырды
PHOTO
Фото: автордан

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығы жанынан жасақталған еріктілер ұйымы "Жанға жылу" қайырымдылық акциясын қолға алды. 

Акция 27 қаңтарда басталды. Кешеден бері еріктілер көмекке мұқтаж 50 отбасына азық-түлік себеттерін таратты.

фото «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы) (3).jpeg

Акцияның мақсаты - әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға қуаныш сыйлап, қамқорлық таныту болып отыр. Сондай-ақ, қоғам белсенділерін, кәсіпкерлер мен халық қалаулыларын және танымал өнер азаматтары мен көмек қолын созуға ниетті барша жандарды қайырымдылыққа атсалысуға шақырып, үндеу жолдау. Көп болып игілікті іске атсалысуды кеңінен насихаттау. Алдағы уақытта жалғасын табатын акцияға ерікті жастар қоғам белсенділерін, кәсіпкерлер мен халық қалаулыларын және танымал өнер азаматтары мен көмек қолын созуға ниетті барша жандарды атсалысуға шақырып, үндеу жолдайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың асар дәстүрі волонтерлықпен үндесетінін, сол себепті ағымдағы жылы қайырымдылық жасауды заманға сай жаңғырту қажет екенін мәлімдеген еді. Осы мақсатта Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы "Жанға жылу" қайырымдылық акциясын тұрақты түрде ұйымдастыруды қолға алды. Алғашқы көмекке мұқтаж 50 жанұяға азық-түлік себеттері таратылды. Нақтырағы: тұрмыста көп тұтынатын ұн, қант, ақ май, макарон, гречка, шай, печенье, тәттілер, сондай-ақ әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына демеушілердің көмегімен киім-кешек берілді, - дейді Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Жани Қамбар.

фото «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы) (2).jpeg

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Бауыржан Молдабеков.

Алғашқы "Жанға жылу" қайырымдылық акциясына атсалысқан азаматтар қатарында кәсіпкерлер, қалалық жастар мәслихатының мүшелері мен танымал өнер жұлдыздары, атап айтқанда Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев, "Жастар ресурстық орталығының" директоры Бауыржан Молдабеков, "Bal Tekstil" кілем фабрикасының құрлтайшысы - Бағдат Талғатұлы, Х-фактор ән байқауының жеңімпазы - Астана Қарғабай, Бағлан Жолдасов - әнші, актер, Зарина Нұржанова - вайнер, жастар мәслиxатының депупат, Ақтолқын Бұxарбай - Жастар мәслиxатының депутаты, Жұлдыз Намаз - "The voice Kz" ән байқауының финалисі және "Sulu models" модельдік агенттігі өкілдері бар.

Үнемі қайырымдылық акцияларына атсалысуға тырысамын. Себебі жақсылық жасау жас таңдамайды. Жүректегі мейірімді іс-әрекетіміз арқылы көрсете білуіміз қажет деп ойлаймын. Шымкенттік ерікті жастардың бастамасына барша ниетті азаматтарды қолдау білдіруге шақырып, кәсіпкерлер, танымал өнер азаматтары мен белсенділерге атсалысуға қолдау білдіруге байланысты үндеу жолдаймын, - дейді вайнер әрі жастар мәслихатының депутаты Зарина Нұржанова.

фото «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы) (4).jpeg

"Жанға жылу" қайырымдылық акциясын тұрақты түрде ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сонымен игі іске атсалысуға ниетті азаматтар қажет ақпаратты Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығына хабарласып біле алады.

Тел: 8 777 346 77 30 (WhatsApp), 8 700 954 29 97.

Өзгелердің жаңалығы