Шымкенттен ұшқан ұшақ әуежайға шұғыл оралды

9 Шілде 2022, 12:47
3405
Бөлісу:
Шымкенттен ұшқан ұшақ әуежайға шұғыл оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент – Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақтан техникалық ақау шығып, әуежайға кері қайтуына тура келді.

Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«9 шілде күні Шымкент – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ӘК А320-да КС 342 рейсінің биікке көтерілу кезінде техникалық себепке байланысты сол жақ қозғалтқыш ажыратылды. Экипаж тиісті рәсімдерді орындап, жағдайды бақылауға алды. Осылайша Шымкент әуежайына оралу жөнінде шешім қабылдады, - делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай ұшақтың қайта қонуы ескертусіз орындалды. 

Сондай-ақ ресми ақпаратта ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаментімен бірлесіп тергеу жүретіні айтылған. 

Аталған рейс жолаушылары FlyArystan мен Air Astana-ның жақын арадағы тікелей рейстеріне отырғызылады.

Өзгелердің жаңалығы