Шымкенттегі жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалған

7 Тамыз 2019, 17:44
2846
Бөлісу:
Шымкенттегі жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалған
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттегі сұмдық жол апаты салдарынан ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі тіл тартпай кетті. Жол апаты сол маңдағы камералардың біріне түсіп қалған, деп хабарлады Zakon.kz.

"Шілде айының соңында Тәуке хан және Сайрам көшелерінің қиылысында Daimler Chrysler маркалы автокөліктің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қарама-қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ-21099 автокөлігіне барып соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-21099 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Ал оның көлігіндегі жолаушылар мен екінші көліктің жүргізушісі әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.


Қазір аталған дерекке сәйкес ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Өзгелердің жаңалығы