Шымкенттегі  жарылыс: Ғимараттың 130 шаршы метрі құлаған
PHOTO
21 Мамыр, 16:00 684

Шымкенттегі жарылыс: Ғимараттың 130 шаршы метрі құлаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Бұл туралы Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.


2022 жылғы 21 мамырда сағат 11:36-да «101» пультіне Еңбекші ауданы, Ғани Иляев көшесі, 142 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін  жарылыс салдарынан «Меж больничная 138 дәріхана» ЖШС-не тиесілі 2 қабатты жеке тұрған ғимаратта өрт шыққаны анықталды. 

Ғимараттың жалпы ауданы 360 шаршы метр қабырғалары кірпіштен қаланып, төбесі ағаш жәшікке салынған. Сағат 12:06-да өрт ауыздықталды. Өрт аумағы шамамен 55 шаршы метр.  Жарылыс салдарынан 130 шаршы метр аумақта ғимараттың ішінара құлауы орын алды. Сондай-ақ 5 қабатты тұрғын үйдің жанындағы пәтердің балконы мен терезелері және 7 жеңіл автокөлік зақымдалды. Өрт сөндірушілер  оқиға орнында ер адамның мәйітін тапты. Оның жеке басы анықталуда,  алдын ала мәлімет бойынша күзетші, - делінген таратылған ақпаратта.

ТЖ жоюға ТЖД 37 қызметкері мен 9 техникасы жұмылдырылды. Жарылыстың себебі анықталуда, ТЖ жою жұмыстары жалғасуда.


Фото: дереккөз
Загрузка...