Шымкенттегі жанжал адам өлімімен аяқталды

27 Қазан 2023, 13:35
11316
Бөлісу:
Шымкенттегі жанжал адам өлімімен аяқталды
Фото: polisia.kz

Шымкентте ер адамның өліміне қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

26 қазанда Әл-Фараби АПБ-ға Тәуке хан көшесі бойында ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. 

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қайтыс болған азаматтың жеке басын анықтады. Ол 1969 жылғы жергілікті тұрғын болып шықты, - делінген хабарламада.

Тексеру кезінде екі ер адамның арасында туындаған жанжал барысында жәбірленуші басынан алған соққыдан көз жұмғаны анықталды. 

Жайт ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" СДТБТ-ға тіркелді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 42 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазыргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы