Шымкенттегі қыз алып қашу ісі: Омбудсмен бақылауға алды

4 Ақпан 2024, 07:18
757
Бөлісу:
Шымкенттегі қыз алып қашу ісі: Омбудсмен бақылауға алды
Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Шымкенттегі қыз алып қашу ісі бақылауда екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкентте қаңтар айының ортасында Маңғыстау облысының тумасы 22 жастағы жігіт қызды қалыңдық ету мақсатында ұрлап кеткен. Бұл қылмыстық оқиға таңертең көшенің қақ ортасында болған, жәбірленуші мен ұрлаушы бір-бірін танымайды.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды, оған қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Адам ұрлау дерегіне қолданыстағы қылмыстық заңнаманың нормаларына сәйкес, мүлкін тәркілеумен немесе онсыз жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауаптылық көзделген.

Қызды ұрлау ісі бойынша жұмысқа Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі де қосылды.

Қыз ұрлау дерегі бойынша жұмысқа Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі де қосылды, бұл прецедент оның жіті бақылауында.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі тұрмыстық зорлық-зомбылық пен әйелдер құқығының бұзылуы мәселесіне талдау жасауда. Мәжбүрлеп некеге тұрған қыздар көбінесе серіктестерінің жыныстық, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Кейде мәжбүрлі күйеуге беру қыздарды білім мен мамандық алу мүмкіндігінен айырады, бұл олардың онсыз да осал жағдайын одан әрі нашарлатады. Шымкенттегі іс - өрескел құқықбұзушылық, біз оны бақылауға алдық, - деді Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев.

Еске салайық, былтыр Уәкіл қылмыстық заңнамаға бірқатар түзетулер енгізуге, атап айтқанда, жеке бап қосуға және Қылмыстық кодекстің 125-бабына қылмыстық жауаптылықтан босатуды көздейтін ескертуді алып тастауға қатысты бастама көтерген болатын.

Өзгелердің жаңалығы