Шымкенттегі оқу орындарының бірінде тексеріс басталды

7 Тамыз 2019, 07:27
1910
Бөлісу:
Шымкенттегі оқу орындарының бірінде тексеріс басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында орналасқан Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет базасында есірткі притоны әшкереленгендігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кең жарияланған болатын. Осыған байланысты, ҚР Білім және ғылым министрлігі 5 тамыздан бастап университет қызметінің білім беру жүйесіндегі заңнама талаптарына сәйкестігін айқындау үшін жоспардан тыс тексеріс басталды. 

Ведомстводан хабарлағандай, Тексеріс комиссиясының құрамына министрліктің Білім және ғылым саласын бақылау комитетінен және «АDAL BILIM» жоба офисінен сарапшылар кірді. 

"Негізгі зерделенетін мәселелер: мемлекеттік стандарттың сақталу деңгейі, оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуын және жүзеге асырылуын реттейтін заңнамалық талаптардың орындалу деңгейі, лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік деңгейі", - делінген хабарламада. 

Министрлік тарапынан мүдделі жақтарды ақпараттандыру мақсатында тексерудің қорытындысы бойынша университеттегі оқу-тәрбие процесінің жай-күйіне қатысты толық ақпарат берілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы