Шымкенттегі карантин 8 наурызға дейін ұзартылды

19 Ақпан 2021, 15:13
1413
Бөлісу:
Шымкенттегі карантин 8 наурызға дейін ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте карантин шаралары 22 ақпаннан 8 наурызға дейін ұзартылатын болды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Шымкент аумағындағы карантин мен шектеу шаралары 2021 жылғы 22 ақпан сағат 00.00 — ден 2021 жылғы 8 наурыз сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын, - делінген құжатта.

Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адамдар көп жиналатын іс-шараларды, оның ішінде еске алу, туған күн, мерейтой, шығарып салу, құдалық, той және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. 

Қала бойынша 65 жастан асқан адамдардың жүріп-тұруы шектеледі.

Шымкент қаласының тұрғындарына екі метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтау және бетперде кию міндеттелді. 

Қаулының барлық тармағымен толығырақ танысу үшін мына сілтеме арқылы өтіңіз.

Өзгелердің жаңалығы