Шымкенттегі гүл дүкеніне шабуыл жасаған жігіт қамалды

10 Тамыз 2023, 16:25
1611
Бөлісу:
Шымкенттегі гүл дүкеніне шабуыл жасаған жігіт қамалды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Шымкент қаласының прокуратурасы оқиға қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

8 тамыз 2023 жылы әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ –да «Romantic» гүл дүкенінің жұмысшыларына физикалық күш қолдану қаупін жасаған адам прокуратура қызметкерінің ұлы деген ақпараттар жарияланған. Аталған адам прокуратура органдарына ешқандай қатысы жоқ, прокуратура қызметкерлерімен туыстық қатынаста емес екенін хабарлаймыз, - дейді қалалық прокуратура.

Сонымен қатар жедел іс шаралар барысында құқық бұзушы анықталып, оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 бабымен (ұсақ бұзақылық) хаттама толтырылды.

Айта кетейік, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 9 тамыз 2023 жылғы қаулысымен 7 тәулік қамақ түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Бұған дейін әлеуметтік желі мен БАҚ-та "Шымкентте прокурордың ұлы гүл дүкеніне шабуыл жасады" деген видео тараған еді.

Өзгелердің жаңалығы