Шымкенттегі дендросаябаққа 81 түрлі ағаш отырғызылды

19 Тамыз 2020, 19:00
3011
Бөлісу:
Шымкенттегі дендросаябаққа 81 түрлі ағаш отырғызылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақтың гендік қорын көбейту мақсатында интродуценттердің, яғни жаңа ағаш түрлерінің 42 түрінен 200 дана көшет, 39 түрінен 5 341 ағаш-бұта егілді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 


Мұнда Қазақстанның қызыл кітабына енген ағаш-бұталардың 7 түрі, ал сирек кездесетіндердің 61 түрі бар. 

Саябақ аумағындағы ағаш-бұталардың жалпы саны 100 мың данадан асады. Қазіргі таңда тұқымбақта 62 түрлі ағаш-бұта түрлерінен 8 469 түп көшет өсірілуде.
ден1.jpeg

Сала мамандарының айтуынша, биыл саябақтың жабайы ормандарын тазалау бойынша кезең-кезеңімен жоспар құрылған болатын. Биыл қаңтар-шілде аралығында 5,3 гектар аумаққа санитарлық тазалық жүргізіліп, Төлеметов көшесіндегі ормандар қалпына келтірілген. Дендросаябаққа алты ай ішінде 101 578 адам келген. 

Айта кетейік, «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жалпы жер көлемі 129,37 гектарды алып жатыр. Оның ішінде Қошқар-ата учаскесі 12,33 га.  Дендросаябақ флорасы 5 географиялық аймаққа бөлінген: Шығыс Азия, Орта Азия - Қазақстан, Солтүстік Америка, Қиыр Шығыс-Сібір, Еуропа, Қырым-Кавказ. 



Өзгелердің жаңалығы