Шымкенттегі атыс: Дәмхана иесі болған жайтты айтып берді

31 Қазан 2019, 09:55
2488
Бөлісу:
Шымкенттегі атыс: Дәмхана иесі болған жайтты айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте атыс болған кафенің иесі оқиғаның мән-жайын айтып берді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.  

Кафе иесінің айтуынша, бұл жағдайға оның отбасының еш қатысы жоқ. Кафеге келушілер онда ақша үшін сөзге келіп қалған дейді. Әйелдің айтуынша, сол күні кафеде болған атыстан күйеуі зардап шеккен. Қаруланған бір топ адамды көрген ол екінші қабаттан секіріп кетіп, аяғын жарақаттап алған. 

"Біреу біреудің ақшасын бермеген. Пайызға алған болуы керек. Осы әңгіме шығып, соңында сөзге келді. Олар кафеде тіпті ештеңеге тапсырыс берген жоқ", - дейді кафе иесі.

Айта кетейік, 29 қазан күні Шымкент қаласындағы дәмханалардың бірінде атыс болып, 1 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алған болатын. 

Сонымен қатар желіде атыстың видеосы тараған еді.



Өзгелердің жаңалығы