Шымкентте жылына 262 миллион литр сусын шығаратын зауыт салынуда

10 Шілде 2023, 00:31
1002
Бөлісу:
Шымкентте жылына 262 миллион литр сусын шығаратын зауыт салынуда
Фото: baq.kz

Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриалды аймағында алкогольсіз, газдалған және газдалмаған ауыз су сусындарын шығаратын зауыт салынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зауыттың іргетасы қаланып, қазір құрылыс-монтаж жұмыстарының 30%-ы кестеге сәйкес атқарылған. Аталған зауыттың құрылыс барысымен танысу мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтенов нысан басында болды.

Зауыт іске қосылса 100-ден аса жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда, Сондай-ақ, кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 262 миллион литр сусын шығаруға мүмкіндігі бар.

Мұрат Дүйсенбекұлы бұл жаңа инвестициялық жобаның жүзеге асуы қаламыздың өндіріс саласына ауқымды серпін беретінін айтты. Зауыт 16 гектар аумақты алып жатыр, құрылысы 2024 жылы аяқталып, өндіріске қосылады.

Өзгелердің жаңалығы