Шымкент қаласында жыл басынан бері заңсыз салынған 106 құрылыс нысаны анықталды. Қала әкімдігінің мәліметінше, олардың 56-сына қатысты тиісті шаралар қабылданған.
Заңбұзушылықтардың ең көбі Абай ауданында тіркелген. Аудандар бойынша көрсеткіштер төмендегідей:
- Абай ауданы – 39 нысан
- Әл-Фараби ауданы – 19 нысан
- Еңбекші ауданы – 17 нысан
- Қаратау ауданы – 21 нысан
- Тұран ауданы – 10 нысан
Мониторинг барысында 72 құрылыс алаңына тексеру жүргізілген. Нәтижесінде жалпы сомасы 61,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Оның ішінде:
- 59 нысан бойынша заңсыз құрылыс жүргізгені үшін – 42,4 млн теңге
- 8 нысан бойынша құрылыс сапасын бұзғаны үшін – 8,6 млн теңге
- 5 нысан бойынша үлестік құрылыс талаптарын сақтамағаны үшін – 10,6 млн теңге
Сонымен қатар лицензиялық бақылау аясында 442 құрылыс ұйымы жауапкершілікке тартылды. Оларға салынған айыппұл көлемі 86,1 млн теңгені құрады. Кейбір компаниялардың лицензиялары алты айға дейін тоқтатылған.
Жүргізілген бақылау шаралары нәтижесінде жергілікті бюджетке 147,6 млн теңге түскен.