Астанадағы Қаламгерлер аллеясында «Үш бәйтеректің» маңында болған жағдай әлеуметтік желіде қызу талқылануда.
Журналист Дүйсенәлі Әлімақын ескерткішті қорлаған қыздардың әрекетін видеоға түсіріп, желіде жариялаған.
Видеода қыздың бірі Бейімбет Майлиннің ескерткішке шығып, орынсыз әрекет жасаған.
Қаламгерлер аллеясында демалып отыр едім. Кенеттен мынадай келеңсіз іске куәгер болдым. Ашу қысып қасына жетіп барып “Бұл тұлғалардың кім екенін білесіңдер ме” десем көздері адырайып, “Что, что?” деуден ары аспады. Сөзіме дәлел ретінде олардың бұл топастығын видеоға түсіріп алдым. Еш ұялу, кешірім сұрау жоқ. Бұл басыну ма әлде надандық па?, - деп жазды журналист.
Желі қолданушылары бұл әрекетті мәдениетсіздік әрі тарихи тұлғаларды құрметтемеу деп пікір қалдырған.
Астана полициясына осы фактіге қатысты сауал жолданды. Әзірше құқық қорғаушылар білдірген жоқ.
Айта кетейік, Абай даңғылының бойындағы бұл монумент Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына орай 2019 жылы ашылған.
Еске салайық, бұған дейін Астанада "Бәйтерек" ескерткіші алдында әдепсіз қылық көрсеткен 19 жастағы жігіт ұсталды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Алматыда итті құтқарған адамдарға қойылған мүсін жаһандық сенсацияға айналды