Шымкентте жыл басынан 87 азамат әлеуметтік жұмысқа орналасқан

16 Наурыз 2021, 00:37
1282
Бөлісу:
Шымкентте жыл басынан 87 азамат әлеуметтік жұмысқа орналасқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын құру мақсатында жұмыспен қамту орталығы тарапынан жыл басынан 22 ұйыммен келісімшарт жасалды. Нәтижесінде 87 азамат уақытша жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде жүзеге асырылатын жұмыспен қамту мерзімі 12 ай.

Әлеуметтік жұмыс – халықты жұмыспен қамту орталығымен шарттық негізінде, олардың еңбекақысын субсидиялау арқылы қамтылатын жұмыс орны.

Еңбекақы ретінде берілетін субсидияның мөлшері – салық, міндетті әлеуметтік аударым мен экологиялық үстемақының төлемдерін есептемегенде, пайдаланылмаған еңбек демалысының өтемақысын ескере отырып, белгіленген еңбекақы мөлшерінің 35% құрайды. Бұл қаржы «Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңында айқындалған ең төменгі еңбекақы мөлшерінен аспайды.

Әлеуметтік жұмысқа орналасу үшін жұмыссыз азаматтар тіркелген мекенжай бойынша жұмыспен қамту орталығының тиісті бөлімшесіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда), міндетті түрде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуын растайтын құжаттың көшірмесін тапсырады, - делінген хабарламада.

Айта кетсек, өткен жылы Шымкентте бұл бағытта 356 адам жұмысқа жолданған. Осы жыл орталық тарапынан 200 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.


Өзгелердің жаңалығы