Шымкентте жүк көлігі көпірден үш көліктің үстіне құлады

14 Сәуір 2022, 21:53
2107
Бөлісу:
Шымкентте жүк көлігі көпірден үш көліктің үстіне құлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол-көлік оқиғасы Рашидов көшесінің бойында болды, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Газ-53» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, машинаның аударылуына жол берген.

Оқиға куәгерінің мәліметінше, «Газ-53» маркалы машинаның тежегіші істен шыққан. Үш көліктің екеуіне қатты зақым келген.

Полиция қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін мәлім етті. «Жаншылған жеңіл көліктер жеке азаматтарға тиесілі. Олардың шығынын өтеу жағын сот шешеді»,- деді полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабымен («Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы») әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжаттар әкімшілік сотқа жолданады, – делінген полиция хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы