Шымкентте жемқорлыққа жол берген ҚТЖ қызметкерлері сотталды

18 Мамыр 2023, 08:47
753
Бөлісу:
Шымкентте жемқорлыққа жол берген ҚТЖ қызметкерлері сотталды
Фото: 24.kz

«ҚТЖ-жүк тасымалы» мекемесінің Шымкент қалалық филиалының бұрынғы басшысы мен оның қарамағында істеген бірнеше қызметкерге сот жаза кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Хабар 24» жазды.

Сотталғандар 1 млн-нан бастап 13 млн теңгеге дейін айыппұл төлеуге тиіс. Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметтерде жұмыс істей алмайды. Тергеу барысында олардың адамды жұмысқа тұрғызу үшін жүйелі түрде пара алып отырған.

Кадр жұмысы бойынша схемалар тараған болатын көптеген. Ол деген өзінің туыстары арқылы өзінің жақын, сенім адамдары арқылы жұмысқа адамдарды тағайындап, сол үшін пара алып отырған. Сол схеманы жоюға бағытталған іс-шарларды біз бірігіп, жұмыс жасап, атқарып жатырмыз, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин.

Өзгелердің жаңалығы