Шымкентте жауынгерлер арасында қоян-қолтық ұрыстан чемпионат басталды

8 Сәуір 2023, 00:51
1179
Бөлісу:
Шымкентте жауынгерлер арасында қоян-қолтық ұрыстан чемпионат басталды
Фото: inform.kz

Шымкентте жауынгерлер арасында қоян-қолтық ұрыстан республикалық чемпионат басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының кубогын 7 команда құрамындағы 50-ден аса сарбаз сарапқа салып жатыр. Жарысқа қатысушылар тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан 17 жауынгердің ескерткішіне гүл шоғын қойды.

Сарбаздар чемпионаттың ресми ашылу салтанатынан соң 7 салмақ дәрежесі бойынша іріктеу кезіңінде жеке дара және командалық шеберліктерін сынға салды. Жарыс екі күнге созылады.

Үздіктер арасынан ұлттық құрама жасақталмақ. Олар осы жазда Ішкі істер министрілігінің ұйымдастыруымен өтетін спорт сайысында бақ сынайды.

Мақсатымыз желтоқсан айында қарулы күштердің халықаралық жарысы болады жекпе жек сайысы бойынша. Соның алдын ала оқу-жатығу өткізіп, сарбаздарымызды іріктеп, сол жарысқа қатыстыру, - дейді ҚР Ұлттық ұланы спорт бөлімінің басшысы Сәтжан Әбішев.

Өзгелердің жаңалығы