Шымкентте жаңа әуежай терминал құрылысының 1-кезеңі аяқталды

21 Қыркүйек 2023, 14:25
924
Бөлісу:
Шымкентте жаңа әуежай терминал құрылысының 1-кезеңі аяқталды
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа халықаралық әуежай терминалының құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта жолаушылар терминалы құрылысының 1-кезеңі аяқталды.

Атап айтқанда, терминал шатырын монтаждау жұмыстарымен бірге сыртқы қасбетін жабдықтау құрылыстары толық жүргізілді.

Шымкентте жаңа әуежай терминал құрылысының 1-кезеңі аяқталды

Сонымен қатар, жаңа әуежайға инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары да кестеге сәйкес іске асты. Терминалдың жалпы аумағы 35 мың шаршы метрді құрайды.  

Әуежай жұмыстарының 2-кезеңі жоба бойынша 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Қала әкімі терминал құрылысының жұмысын сапалы әрі өз мерзімінде аяқтауды тапсырды. 

Шымкентте жаңа әуежай терминал құрылысының 1-кезеңі аяқталды
Өзгелердің жаңалығы