Шымкентте заңсыз айналымнан 10 қару алынды

16 Ақпан 2021, 06:53
1096
Бөлісу:
Шымкентте заңсыз айналымнан 10 қару алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 64 адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Шымкент қаласының полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес, қала аумағында жедел жағдайды сауықтыру, отты атыс қарумен жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында осы жылдың ақпан айының 3-і мен наурыз айының 2-сі аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында осы күнге дейін ішкі істер органдарында тіркеудегі 6 282 қару иесінің 1 234-і тексеріліп, 64 қару иесінен қаруды сақтау және тіркеу ережелерін бұзу фактілері анықталып, оларға әкімшілік шара қолданылды. Заңсыз айналымнан 10 бірлік қару, үш дана снаряд, екі дана суық қару және бір дана оқ-дәрі алынды, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы