Шымкентте заңгерлер халыққа тегін кеңес берді

23 Қараша 2019, 08:48
3399
Бөлісу:
Шымкентте заңгерлер халыққа тегін кеңес берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы "Мега" ойын-сауық сауда орталығында және Халыққа қызмет көрсету орталығында "Халықтық заңгер" жалпыреспубликалық акциясы өтті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінен хабарлады. 

Акцияға түрлі салалардағы 60-тан астам мамандар қолдау білдірді, атап айтқанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің, прокуратура, полиция, медиаторлар, адвокаттар, әділет, жергілікті атқарушы органдардың және "Шымкент-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері бірнеше сағат ішінде 1200-ге жуық кеңес берді.

Сондай-ақ халықты қабылдау процесін ұйымдастыруға волонтерлар белсенді қатысып, олар тұрғындарды сұрақтарына байланысты қажетті мамандарға бағыттап отырды.

Заң факультетінің студенттері арасынан волонтерлар құқықтың түрлі салаларында бағдарланғанын іс жүзінде дәлелдеп, осындай міндетке жауапкершілікпен қарады.

Сондай-ақ шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпарат немесе кеңес алуға болатын 1424 Call- орталығы көрсетілген арнайы парақшалар таратылды.

Науқанды ұйымдастырушылар - zakon.kz интернет-басылымы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Параграф ақпараттық жүйесі. Сонымен қатар бұл науқанды Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары қолдады. Осы жылдар ішінде "Халықтық заңгер" науқаны қарапайым Қазақстандықтар үшін дәстүрлі және сүйікті жобаға айналды.

             

Өзгелердің жаңалығы