Шымкентте тағы 8 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

2 Сәуір 2020, 17:46
1094
Бөлісу:
Шымкентте тағы 8 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. ​Шымкент қаласында ​ 2 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 8 адам анықталды. Аталған науқастардың барлығы қалада вирус жұқтырған үшінші азаматтың отбасы мүшелері мен туыстары боп шықты.

Науқастар қазіргі уақытта Шымкент қалалық жұқпалы аурулар аурханасына оқшауланып, ем қабылдап жатыр.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетсек, Шымкент қаласында 2020 жылы 1 сәуір күні коронавирус жұқтырған үшінші азамат тіркелген болатын.

Ол 51 жастағы қала тұрғыны боп шықты.

Шымкенттің бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың айтуынша, үшінші науқастың баласы 14 наурызда Дубайдан ұшып келген.

Болжам бойынша, баласынан жұқтырған болуы мүмкін.

Бүгінде қалада коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы