Шымкентте үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді

4 Наурыз 2020, 00:29
994
Бөлісу:
Шымкентте үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 наурыз күні Шымкентте үстел теннисінен 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы үшінші халықаралық турнир басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Халықаралық сынға Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан командалары мен Ресейдің Екатеринбург қаласының клубы қатысады. Турнир жекелей сын бойынша өтеді.

Спортшылар жекелей сын, жұптық сын және аралас бәсекеде өзара жеңімпаздарды анықтайды. Жарыс 8 наурыз күні аяқталмақ.


Өзгелердің жаңалығы