Шымкентте қызылша ауруы өршіп тұр

26 Қазан 2023, 07:40
655
Бөлісу:
Шымкентте қызылша ауруы өршіп тұр
Фото: скрин

Шымкент қаласында қызылша ауруы өршіп тұр. Қазір мегаполисте бұл аурумен күніне 70-тен астам адам дәрігерге қаралып, ауруханаға жатуда. Қызылшамен ауырғандардың көбі – балалар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның ішінде 90 пайызы әлі төрт жасқа толмаған бүлдіршіндер. Жалпы жыл басынан бері қызылшаға 4 мың адам шалдыққан. Дәрігерлердің айтуынша, олардың басым бөлігі сырқатқа қарсы дер кезінде екпе салдырмағандар. Медицина қызметкерлері осы жәйтке қатты алаңдаулы. Өйткені қызылшаға қарсы уақтылы емделмесе, оның салдары өкпенің қабынуы мен мененгит дертіне соқтырады.

Аурудың тағы бір себебі 2-3 жыл бұрын пандемия кезінде жоспарлы екпе алуы керек балалардың көбі қалып кеткен. Карантин болды, үйден шыққан жоқ, емханаға бармады. Көбіне сол балалар арасында тіркеліп жатыр, - деді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқарма басшысы Мұрат Бейсенбаев.

Өзгелердің жаңалығы