Шымкентте қылмыстық топ бопсалаумен айналысып келген

12 Наурыз 2024, 12:11
2197
Бөлісу:
Шымкентте қылмыстық топ бопсалаумен айналысып келген
VIDEO
Фото: Арман Мухатов - архив

Шымкентте маргиналды жастардың қылмыстық әрекеттері тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы кешенді іс-шаралардың нәтижесінде аймақтағы жедел жағдайға теріс әсер ететін он адамнан тұратын топты ұстады. 

Олар қару пайдаланып, бұзақылық және бопсалаумен айналысқан. Құрықталғандардың жасы 20-дан 25-ке дейін. Тұрғылықты жерлерін тексеру барысында атыс қарулары, оқ-дәрілер мен басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді. Қылмыстық құқық бұзушылық жайттары бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы