Шымкентте қоймаларымен қоса 4 құрылыс дүкені өртеніп кетті

17 Қаңтар 2024, 10:01
10129
Бөлісу:
Шымкентте қоймаларымен қоса 4 құрылыс дүкені өртеніп кетті
Фото: ТЖМ

Шымкентте кеше түнде құрылыс дүкендері өртенді. Өрт шамамен 1300 ш.м. аумақты шарпыған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

17 қаңтар сағат 01:15-те Шымкенттің Ескі қала ауданында Әйтеке би көшесі бойында құрылыс материалдарын сататын «Евролюкс» дүкенінің қоймасынан өрт шықты. 

Шымкентте қоймаларымен қоса 4 құрылыс дүкені өртеніп кетті

Оқиға орнына келгенде құрылыс материалдарын сатумен айналысатын «Евролюкс», «Гармония», «Марморит», «Медина» дүкендері мен қоймалары өртеніп жатқаны анықталды. Дүкендердің жалпы аумағы 2500 ш.м. Өрт шамамен 1300 ш.м. шарпыған. ТЖД күшейтілген режимде өрт сөндіріп жатыр. Оның себептері анықталады, - деп атап өтті Шымкент қалалық ТЖД.

Шымкентте қоймаларымен қоса 4 құрылыс дүкені өртеніп кетті
Өзгелердің жаңалығы