Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шымкентте қарақұрт шаққан сегіз адам дәрігердің көмегіне жүгінді

15 Мамыр 2025, 08:10
481
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Шымкентте улы өрмекші – қарақұрт шағуынан сегіз адам зардап шекті. Екі адам ауруханаға жатқызылып, қалғандарына амбулаториялық көмек көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, биыл қарақұрттардың белсенділігі әдеттегіден ертерек басталған. Гипербариялық оттегімен емдеу орталығының бас дәрігері Мадина Ермаханбетова:

Қарақұрттың шағуы алғашында білінбей өтуі мүмкін. Егер алғашқы 48 сағатта медициналық көмек көрсетілмесе, бұл өлімге әкелуі ықтимал, - деді.

Қарақұрттың шағуы бастапқыда қызару және терідегі елеусіз екі тілікпен білінеді. 5-20 минут ішінде қатты ауырсыну бүкіл денеге таралып, құрысулар, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, тахикардия және тыныс алудың қиындауы секілді белгілермен асқынуы мүмкін.

Қарақұрттар – денесі қара, іш тұсында қызыл дақтары бар улы өрмекшілер. Олар көбіне құрғақ, ашық жерлерде, қаңыраған ғимараттарда, жарықтарда, жануарлардың індерінде кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы