Шымкентте полиция мефедронның ірі партиясының таралуына жол бермеді

13 Мамыр 2024, 21:20
318
Бөлісу:
Шымкентте полиция мефедронның ірі партиясының таралуына жол бермеді
VIDEO
Фото: Polisia.kz

Шымкентте полиция мефедронның ірі партиясының таралуына жол бермеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары “синтетиканың” 2 мыңнан астам дозасының қала аумағында таралуының алдын алды. Есірткі сатушыны жедел уәкілдер Абай ауданының аумағында ұстады.

Оның жалдамалы пәтерін тексеру кезінде есірткіні өлшеп орауға арналған заттар, яғни таразы, изолента, термоусадка, гриппер-пакеттер, сонымен қатар аса ірі мөлшердегі мефедрон табылды.

Ер адам интернет-мессенджер арқылы есірткі салынған пакеттер жасырылған орындар туралы ақпарат алып, оларды бір реттік дозаларға бөліп, өткізумен айналысқаны белгілі болды.

Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Аталған қылмысты жасағаны үшін 34 жастағы азамат 10-15 жылға дейін бас бостағынан айырылуы мүмкін.

Полиция қызметкерлері есірткімен байланысты кез келген заңсыз әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Өзгелердің жаңалығы