Олар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бірлескен жедел іс-шараларды жүргізу барысында 2 маусымда ҰҚКД мен Шымкент қаласы ПД ӨҚБ-ның қызметкерлері Абай аудандық полиция басқармасы анықтау бөлімінің бастығы мен бұрынғы тергеушіні ұстады. Олар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген ІІМ хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында "Алтын Орда" базары директорының орынбасары ұсталғаны хабарланды. Алматы облысында "Алматы-Бішкек" автожолында BMМ автокөлігін тінту барысында ақ ұнтақ зат және травматикалық тапанша табылған көрінеді.